Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

2025 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы №49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 33 қаулыны қабылдады.

Қаулыда коллекторлық агенттіктердің электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып Агенттікке хабарлама жіберу тәсілдері кеңейтілді. Енді төмендегі деректердің өзгеруі туралы мәліметтер жазбаша нысанда ғана емес, сонымен қатар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы да жіберілуі мүмкін:

  • коллекторлықагенттіктің атауы;
  • филиалдарменөкілдіктердің орналасқан жері, олар туралы мәліметтер;
  • борышкерлерменбайланыс жасауғаарналғантелефоннөмірлері;
  • құрылтайшылар(қатысушылар),басшықызметкерлержәнеборышкерлерменөзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралымәліметтер.

Осы өзгерістерді енгізу коллекторлық агенттіктер мен Агенттік арасында ақпарат алмасуды жеңілдетуге және жеделдетуге, жұмыстың ыңғайлылығын арттыруға және қағаз құжат айналымына байланысты шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz