Таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының мөлшерлерін бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының 2026 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-1-тармағына және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 Қаулысының талаптарына сәйкес әзірленді.
Жобамен 2026 жылға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралдарын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге түзету коэффициентін айқындау үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылық және анықтық факторының мөлшерлері бекітіледі.
2026 жылға арналған көлік құралдарын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттері Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен есептеліп, № 46 Қаулының талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша айының оныншы жұмыс күніне дейін бекітілетін болады.
Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/887184?lang=kk.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы