Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулыларының жобаларын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттік мынадай қаулылардың жобаларын әзірледі:
- «Ұлттық почта операторы үшін пруденциалдық нормативтерді белгілеу туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» (бұдан әрі – қаулы жобасы).
Қаулы жобасы екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігін есептеу үшін пайдаланылатын тәсілмен ұқсастығы бойынша «Қазпошта» АҚ меншікті қаражатының жеткіліктілік коэффициентін есептеу тәсілін өзгертуді көздейді. Атап айтқанда, меншікті қаражаттың жеткіліктілік коэффициентін есептеу мақсатында активтер бойынша тәуекел-өлшеу коэффициенттерін енгізу ұсынылады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14446956 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "нормативтік құқықтық база"бөліміндегі ресми интернет-ресурсында.
- «Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» (бұдан әрі – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру мақсатында әзірленді және зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ААЖ) ААЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттық үдерісті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14540837 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
- «Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру мақсатында әзірленді. Жобада инвестициялық портфельді басқарушыларға меншікті капиталдың мөлшері, ірі қатысушының резиденциясы, тиімділік нәтижелері және инвестициялық портфельді басқару тәжірибесі бойынша ағымдағы талаптарды төмендету қарастырылған. Сондай-ақ, Жоба инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының ағымдағы тізбесін кеңейтуді көздейді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14547357 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру үшін әзірленді. Жобада Банктерді, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау ережесіне түзетулер енгізіледі. Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды тоқтата тұру және одан айыру, барлық қаржы ұйымдары үшін бағалы қағаздар нарығында лицензияның бірыңғай нысанын көздейтін.
Жобада қосымша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшін жоюға қойылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер алынып тасталады.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14542790 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 120
e-mail: press@finreg.kz, www.finreg.kz