Агенттік қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 323-бабының 1) және 3) тармақтарын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасының келісімі НҚА атауын өзгертуге байланысты және реттеушілік сипаттағы өзгерістерді көздемейді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89
press@finreg.kz
Қызмет бағыты