Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне қойылатын талаптар туралы

Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне қойылатын талаптар туралы

2025 жылғы 01 тамыз

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 27 қаулысымен «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының                      2018 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) өзгерістер енгізілді.

Қаулымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының                         2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысының 2-тарауында баяндалған Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға толық көлемде сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына (бұдан әрі – АҚҰҮО) берілетін ақпарат көлемі бойынша банктерге қойылатын талаптар кеңейтілді.

Осылайша, АҚҰҮО-ға ұсынылатын мәліметтердің толықтығы қаржы реттеушісіне ұсынылатын мәліметтердің көлеміне толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, банктердің ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы ақпаратты АҚҰҮО жүйесімен ықпалдастырылған «Qainar» қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның автоматтандырылған жүйесі арқылы АҚҰҮО-ға беру тәртібі айқындалды.

Көрсетілген тәсіл және ақпаратты беру тетігі банктер беретін мәліметтерді алуды және өңдеуді жеңілдетеді.

Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz