Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1132 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 21 шілдедегі № 555 қаулыны (бұдан әрі – қаулы) қабылдады.
Қаулымен 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына «Рейтингтік қызмет туралы» және «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа заңдардың жобаларын, сондай-ақ оларға ілеспе заң жобаларын енгізу көзделеді.
«Рейтингтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобаларын Әділет министрлігінің қарауына шілде айында, Үкіметке – қыркүйек айында, Парламентке – қараша айында енгізу жоспарлануда.
«Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы» заңдардың жобаларын Әділет министрлігінің қарауына тамыз айында, Үкіметке – қазан айында, Парламентке – желтоқсан айында енгізу жоспарлануда.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89