«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарма қаулысы

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарма қаулысы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылады.

Аталған Қаулы «дропперлік» деп аталатын, яғни жеке тұлғалардың шоттарды кейіннен заңсыз операцияларда пайдалану үшін үшінші тараптарға беру практикасын қоса алғанда, банктік шоттарды заңсыз пайдалануды анықтау, алдын алу және жолын кесу тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда, өзгерістер есірткі құралдарының заңсыз айналымымен, қаржы пирамидаларының қызметіне қатысу, заңсыз онлайн-казинолардың, шетелдік букмекерлік компаниялардың және Қазақстан Республикасында ойын қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ тотализаторлардың пайдасына транзакцияларды жүзеге асырумен ықтимал байланысты күдікті операцияларды ерте анықтау және оларға ден қою тетіктерін дамытуды көздейді.

Қабылданған шаралардың мақсаты қаржы секторының орнықтылығын нығайту және банк инфрақұрылымын заңсыз пайдаланудың алдын алу болып табылады. Қаулыда банктік шоттарды заңға қайшы схемаларға тарту фактілерін ерте анықтау және оларға ден қою тетіктерін дамыту, сондай-ақ клиенттердің операцияларын мониторингтеу және бақылау бөлігінде екінші деңгейдегі банктердің міндеттерін күшейту көзделген.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімінде таныса аласыздар.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты