Агенттіктің бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қаулысы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 25 маусымдағы №26 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.
Қаулы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері бойынша әзірленді және нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық сипаттағы түзетулерді көздейді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы