Сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді келісу тәсілдерін жетілдіру туралы

Сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді келісу тәсілдерін жетілдіру туралы

Биыл 30 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Заң) қол қойды.

Өзгерістер сақтандыру секторындағы басшы лауазымдарға кандидатураларды келісу кезінде есепке алынатын еңбек өтілін кеңейтуді көздейді.

Атап айтқанда, басшы қызметкерлерді келісу кезінде жұмыс өтілі енгізілетін ұйымдардың тізбесі ұлттық басқарушы холдингпен, Қазақстанның Даму Банкімен, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорымен («ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ), Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігімен, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарымен толықтырылды.

Бұдан басқа, басшы лауазымға орналасу үшін талап етілетін өтілге енді атқарушы органның (Басқарманың) құрамына кірмейтін, бірақ қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты бөлімшелерге басшылық етуді көздейтін лауазымдардағы (мысалы, басқарушы директорлар, қаржы директорлары және т.б.) жұмыс тәжірибесі енгізіледі.

Сонымен бірге сақтандыру секторының басшы қызметкерлері бойынша міндеттерді уақытша атқару мерзіміне қосымша шектеу белгіленді. Уәкілетті органмен келісілген кандидатура болмаған жағдайда, атқарушы орган басшысының немесе бас бухгалтердің міндеттерін атқару 12 ай ішінде күнтізбелік 180 күннен аспауға тиіс.

Бұл өзгерістер сақтандыру секторының басшы қызметкерлерінің біліктілігін бағалауға неғұрлым икемді және салмақты көзқарас қалыптастыруға бағытталған және олардың кәсіби тәжірибесінің ерекшелігін ескереді.

Көрсетілген өзгерістер Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты