Микроқаржы қызметін реттеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету және клиенттердің микрокредиттер беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.
Жобада микрокредиттер берудің, ақпаратты жария етудің және клиенттердің жолданымдарын қараудың бірыңғай қағидаларын белгілеу көзделеді. Күтілетін нәтижелер – тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жақсарту, микроқаржы ұйымдарына деген сенімді арттыру және неғұрлым ашық жұмыс жағдайларын жасау.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы