Микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейту туралы

Микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді  тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.

Жоба:

1) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл рәсімдерін айқындайтын ішкі құжат әзірлеу бойынша;

2) антифрод-жүйелердің болуы бойынша;

3) сомасы 150 АЕК-тен асатын, электрондық тәсілмен ресімделген кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 24 сағаттан ерте емес және қарыз алушының осы кредитті алуға келісімін алғаннан кейін аудару;

4) қарыз алушы бір күнтізбелік күн ішінде сомасы қосу нәтижесінде 150 АЕК-тен асатын бірнеше микрокредит алған жағдайда тұтынушылық онлайн микрокредиттер беруін «шешім қабылдау кезеңі» бойынша қойылатын талаптарды белгілеу бойынша микроқаржы ұйымдарына бақылау шараларын енгізуді көздейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz