ҚР бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату рәсімдерін жетілдіру шаралары туралы

ҚР бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату рәсімдерін жетілдіру шаралары туралы

2025 жылғы 25 маусымда Агенттіктің Басқармасы «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 23 қаулыны қабылдады.

Қаулы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату рәсімдерін жетілдіру мақсатында әзірленді.

Қаулымен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттіктері кеңейтіледі, ескірген құқықтық нормалар өзгертіледі, сондай-ақ басқа да редакциялық түсініктемелер мен толықтырулар енгізіледі.

Қаулымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты