Уәжді пайымдау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулының жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 1021 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді және қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне немесе банкті төлем қабілетсіз банктер санатына жатқызуға әкелген адамның құқыққа қарсы іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері болған жағдайда кандидаттың іскерлік беделін бағалау кезінде уәжді пайымдауды пайдалануды көздейді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы