Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшерін және  банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6-тармағының 6)тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобада банкке немесе банк холдингіне электрондық сауда алаңымен және интернет-платформалармен байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың капиталына қатысу жөніндегі талаптарды белгілеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және биометриялық сәйкестендіру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және оған қызмет көрсету  көзделеді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz