Агенттік Басқармасы қаулыларының жобалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің есебінен нысаналы капитал қорының бір тұлғасы және үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялардың жиынтық мөлшерін белгілеу және Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын инвестициялау қағидаларын, Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.
Қаулы жобалары «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бірінші қаулы жобасында бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығаратын қаржы құралдарына эндаумент қорының инвестициялық шекті мөлшерін белгілеу, сондай-ақ инвестициялау ережелерін, қолайлы қаржы құралдарының тізбесін, эндаумент қоры активтерінің құнын есептеу тәртібін бекіту көзделген.
Жобаның мақсаты реттеуші шектеулер мен инвестициялаудың бірыңғай ережелерін белгілеу арқылы эндаумент қорларының активтерін басқарудың ашықтығын, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Екінші қаулы жобасымен «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге кастодиандық қызмет және инвестициялық портфельді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Жобаның негізгі ережелері эндаумент қорының активтерін есепке алу, бақылау және аудару тәртібін белгілеуге, сондай-ақ кастодиандардың инвестициялық портфельді басқарушылармен өзара іс-қимылына қатысты.
Қаулы жобасының мақсаты – кастодиандардың осындай қаражаттар активтерін есепке алу, сақтау және бақылау тәртібін белгілеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Заңына сәйкес келтіру. Түзетулер Заң 2025 жылы күшіне енген сәттен бастап эндаумент қорларының жұмыс істеуіне құқықтық негіз береді деп күтілуде.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89