Коллекторлық агенттіктердің қызметі туралы

Коллекторлық агенттіктердің қызметі туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-тармағын іске асыру үшін  әзірленді және коллекторлық агенттіктің уәкілетті органға құрылтайшылар (қатысушылар) және (немесе) басшы қызметкерлер туралы мәліметтердің өзгергені туралы, сондай-ақ борышкерлермен байланысу үшін орналасқан жерінің не атауының және телефон нөмірлерінің өзгергені туралы хабарламаны жазбаша түрде ғана емес, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберу мүмкіндігін көздейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты