Қаржы нарығының банк секторына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің өзгеруі туралы

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) нормаларында әкімшілік органның жағымсыз әкімшілік актіні (мысалы, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту) қабылдар алдында тұлғаға тыңдалу құқығын беру міндеті бекітілді және жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қабылдаған шешімдермен келіспеген жағдайда шағым берудің жаңа тәртібі айқындалды.
ӘРПК нормаларына сәйкес келтіру мақсатында 2022 жылғы 14 ақпанда Агенттік Басқармасы қаржы нарығының банк секторына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Агенттіктің жекелеген салалық заң аясындағы актілерін өзгертуді көздейтін қаулыны қабылдады.
Атап айтқанда, өтініш берушіге уәкілетті органның лауазымды тұлғасының мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі қабылданар алдында оған өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі беріледі.
Бұдан басқа мемлекеттік органдардың азаматтар мен заңды тұлғалардың келіп түскен өтінішін қабылдау, қарау және ол бойынша шешім шығару рәсімдері, сондай-ақ оған шағымдану тәртібі өзгертілді.
Қаулы жария, оның ішінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен және «Атамекен» ҰКП-мен талқылау рәсімінен өтті.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz