Банк қызметін пруденциалдық реттеуді жетілдіру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 16 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Басқарманың №15 қаулысын қабылдады.
Қаулы қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
Қаулыда банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі, онда ұлттық банктік реттеуге капиталдың секторлық контрциклдік буферін және левередж коэффициентін енгізу көзделеді.
Сондай-ақ Қаулыда банктердің тәуекелдерін басқару жүйелеріне ESG қағидаттарының талаптарын енгізу мерзімін 2025 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 шілдеге ауыстыру көзделген.
Қаулымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089