НҚА-ға бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

НҚА-ға бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының бастамасымен әзірленді және енгізілетін түзетулер:

- нормаларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге;

- ашықтықты арттыру және заңнама талаптарын сақтау үшін қазақстандық эмитенттерге акционерлердің және олардың түпкі меншік иелерінің ұлттық тиесілілігіне мониторинг жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында эмитент акционерлерінің түпкі меншік иелері туралы сұрау салудың және ақпарат жинаудың жеке рәсімін белгілеуге бағытталған.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz