Қаржы ұйымдарындағы пруденциалдық реттеуді жетілдіру туралы

2025 жылғы 16 мамырда Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» №14 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.
Қаулы қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасымен сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылардың, банктердің пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілерге қысқа мерзімді және тұрақсыз қаржыландыру көздері болып табылатын РЕПО операцияларының шоғырлануын төмендету мақсатында әзірленген түзетулер енгізілді.
Сондай-ақ, Қаулыда банктер спот-операцияларын жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді есептеу тәртібін нақтылауға бағытталған түзетулер қарастырылған.
Қаулымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы