Ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы

Ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы

2025 жылғы 17 сәуір

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат:

- банктің мобильді қосымшасында бұрын тіркелмеген мобильді құрылғыда клиентті аутентификациялау тәртібін нақтылау;

- микрофон қосылған кезде мобильді банкингті бұғаттау бойынша қосымша талап енгізу арқылы клиенттік деректерді қорғау деңгейін арттыру;

- банктің ақпараттық қауіпсіздігін ықтимал бұзумен байланысты, жазбаларды сақтау қамтамасыз етілуі тиіс технологиялық оқиғалар тізбесін кеңейту;

- қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтарының (бар болса) «Qainar» ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалану тәртібін белгілеу (бар болса);

- банктің инфрақұрылымы жұмыс істемей қалған жағдайда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы уәкілетті органды хабардар етудің баламалы тәсілін енгізу;

- банк бөлімшелерінің функцияларын ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтықпен күрес бойынша бөлу;

- банктің ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйіне сыртқы аудит жүргізу кезеңділігін белгілеу мақсатында әзірленді.

Қаулының жобасы туралы ақпаратпен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz