Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша РСКҚ жобасы әзірленді

Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша РСКҚ жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына (бұдан әрі – Жоба) Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасын әзірлегені туралы хабарлайды. 

Жоба тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының мүліктік мүдделерін табиғи апаттардан келтірілген залалдан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

 Жобаның толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты