Сақтандыру брокерінің қатысушылары мен акционерлеріне қатысты қадағалау ден қою шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қадағалау ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын, сондай-ақ Қазақстанның ФАТФ халықаралық қағидаттарына сәйкестігін өзара бағалаудың екінші раундының нәтижелері бойынша халықаралық сарапшы-бағалаушылардың ұсынымдарын іске асыру үшін әзірленді.
Агенттіктің сақтандыру брокерлерінің жарғылық капиталдарына (акцияларына) қатысу үлестерін бақылайтын терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың иелік ету жағдайларын болдырмау мақсатында, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген сақтандыру брокерінің қатысушыларына, акционерлеріне қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануы көзделеді.
Жобаның мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.