Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшісінің) қызметі мәселелері бойынша Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ Оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба банктердің уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшісі), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынған есеп беру нысандары мен қосымша ақпаратты, сондай-ақ оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді жаңарту және нақтылау мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.