Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің құзыретіне қойылатын талаптар туралы

2025 жылғы 8 сәуір
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №11 қаулысымен «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 89 қаулысына өзгеріс енгізілді.
Қаулы ақпараттық қауіпсіздік мамандарын ISO/IEC 27001-2022 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері. Талаптар» стандарты бойынша оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді.
Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089