Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне қойылатын талаптар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы банктер мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына жіберілетін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы ақпаратты беру тәртібі мен мазмұны бойынша талаптарды нақтылайды және кеңейтеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089