Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысына (бұдан әрі - Қаулы жобасы) өзгерістер мен толықтырулар әзірледі.
Жоба қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасымен сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілерге репо операцияларының үлесіне лимит белгілеуге сондай-ақ бағалы қағаздармен спот операцияларын бағалау тәртібін анықтау бөлігінде бағытталған түзетулер енгізіледі.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15475384
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 120
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz