Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру үшін әзірленді.
Қаулы жобасы тәуекелдерді уақтылы анықтау, оларды бағалау және азайту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі айқындайды.
Сонымен қатар, Қаулы жобасы тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлеуге және бекітуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар белгіленеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498401
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 111
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz