Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасының
қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру үшін әзірленді.
Қаулы жобасы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының қаржылық тұрақтылығын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есеп айырысу әдістемесін белгілейді.
Сонымен қатар, Қаулы жобасы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциалдық нормативтерінің есебіне қабылданатын өтімді активтердің тізбесі айқындалды.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498422
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 237 1111
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz