Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылғанын хабарлайды. Тиісінше, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің де күші жойылды деп тануға жатады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру үшін Агенттік нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірледі, олармен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтемелер бойынша танысуға болады:
– «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14493577;
– «Кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14490993;
– «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498919;
– «Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14501032;
– «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498772;
– «Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратуды жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14495324;
– «Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидаларын және мерзімдерін, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидаларын және көлемін бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14494942;
– «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын және талаптарын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14493528;
– «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498905;
– «Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498937;
– «Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14492703;
– «Резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру қағидаларын, резервтік қорларды есептеу әдістемесі мен құрылымын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498954;
– «Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысанын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14493383;
– «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14492937;
– «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14491054;
– «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14462385;
– «Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» – https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14495302.
Жоғарыда көрсетілген жобалардың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz