Агенттік Басқармасы қаулыларының жобалары туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 қаулысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулысының жобасы әзірленгені туралы хабарлайды.
Жобада ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін төмендету көзделеді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді.
Аталған жобада капиталдың секторлық контрциклдық буфері және левередж коэффициенті енгізіледі. Қаулы жобасымен банктерді, ислам банктерін, бейрезидент-банктердің филиалдарын пруденциялық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі.
Көрсетілген жобалардың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы