Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту «Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру үшін қабылданды.
Қаулы БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды
кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу тәртібін айқындалады.
Сонымен қатар, Қаулы теріс айырманы өтеу жөніндегі міндеттемелерді жабу үшін инвестициялық портфельді басқарушының резервін қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған салымшылардың, жеке тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарына есепке жатқызу үшін теріс айырманы өтеу мерзімдері (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан) кешіктірмей белгіленеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14498429 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 120
e-mail: press@finreg.kz, www.finreg.kz