«СӘТТІЛІК FINANCE» МҚҰ ЖШС лицензиядан айырылды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 11 бұйрығына сәйкес «СӘТТІЛІК FINANCE» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.
Лицензиядан айыруға заңдардың талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұзу негіз болды.
Заңнамаға сәйкес МҚҰ Агенттікпен микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан аталған заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын білдіретін «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, одан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін өткізуге, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға тиіс.
МҚҰ-ны лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Байланыс нөмірлері : +7 (727) 237-11-11, ішкі: 6316