Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мәселелері бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру мақсатында әзірленді.
Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың бұрын айқындалған қағидаларына қосымша Жобамен сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасудың тәртібі мен мерзімдері бекітіледі.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14489086 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.