Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.

 

Жоба мыналарды қамтамасыз етеді:

- қазақстандық қаржы ұйымдарындағы активтерді есепке алумен ұқсас АХҚО-ға қатысушы қаржы ұйымдарында орналастырылған активтерді есепке алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы сапалы және жоғары өтімді сақтандыру (қайта сақтандыру) активтерінің санатын кеңейту;

- қаржы нарығы субъектілерінің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында осы тізімге алтынға ЕТФ енгізу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың пруденциалдық нормативтерін есептеу кезінде ескерілетін активтер тізбесін кеңейту;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 «Ипотекалық ұйымдар мен ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді белгілеу және басқа да міндетті сақтауы туралы» қаулысынан есептілік нысандарын алып тастау

 

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14493983 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 120

e-mail: press@finreg.kz, www.finreg.kz

Қызмет бағыты