Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 89 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын әзірледі (бұдан әрі – қаулы жобасы).
Құжат СТ ISO/IEC 27001-2022 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және конфиденциалдылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелері. Талаптар» стандарты бойынша ақпараттық қауіпсіздік жөнінде мамандарды оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.