Банк қызметін реттеуді жетілдіру жөнінде қаулы қабылданды

Банк қызметін реттеуді жетілдіру жөнінде қаулы қабылданды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 90 қаулыны (бұдан әрі - Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.

Қаулы:

  • Банктің меншікті капиталы есебінен қайта бағалау резервтерін алып тастау;
  • Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) шығарған борыштық бағалы қағаздарды банктің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің тізбесіне енгізу;
  • инвестициялық қарыздар үшін ХҚЕС бойынша провизияларды есептеуге жекелеген талаптарды енгізу;
  • жұмыс істемейтін қарыздар ұғымын кеңейту және Банктің жалпы кредиттік портфелінен жұмыс істемейтін қарыздар үлесін қол сұғу бойынша 10%-ға тиісті шекті белгілеу;
  • қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ерте ескерту жүйесі шеңберінде банктер міндеттемелерінің жалпы көлеміне тікелей РЕПО операциялары үлесінің шекті мөлшерін белгілеу.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35597 болып тіркелген және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.