Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту жөніндегі шаралар туралы

Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы бағалы қағаздар нарығында бөлшек инвесторларды қорғау мақсатында әзірленді және онда басқасымен қатар:

- тек білікті инвесторларға сатуға арналған қаржы құралдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қайта қарау;

- біліктілігі жоқ инвесторларға Тізбеден қаржы құралдарын сатып алған кезде 14 күн ішінде (шешім қабылдау кезеңі) ақшаны қайтару мүмкіндігін енгізу.

Сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруды және тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруды реттейтін қағидаларға өзге де түзетулер көзделеді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында және агенттігінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

press@finreg.kz