Қаржы нарығын реттеуді жетілдіру туралы қаулы қабылданды

Қаржы нарығын реттеуді жетілдіру туралы қаулы қабылданды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі- Агенттік) «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 92 қаулыны (бұдан әрі - Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.

Қаулы:

  • Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) шығарған борыштық бағалы қағаздарды банктің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің тізбесіне енгізу;
  • оған сәйкес ЕАДБ салымдарына орналастыру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылатын шектеудің күшін жою;
  • Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің және жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының облигацияларын қосу есебінен сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін кеңейту көзделеді.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35603 болып тіркелген және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызмет бағыты