«Сақтандыру компаниялары үшін ESG басқару тәсілдерін интеграциялау» тегін семинары

2024 жылғы 25 желтоқсан күні сағат 14:00-ден бастап 15:30-ға дейін «Эрнст энд Янг – консультациялық қызметтер» ЖШС (бұдан әрі - EY) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен онлайн форматта тегін семинар өткізеді.
Семинардың тақырыбы - «Сақтандыру компаниялары үшін ESG басқару тәсілдерін интеграциялау».
Семинардың құрылымы:
- сақтандыру ұйымдарының қызметіне ESG-қағидаттарды енгізудің халықаралық практикаларына шолу;
- қаржылық емес ақпаратты жария ету (IFRS S1/S2), жаһандық үрдістер мен табысты кейстерді талдау: Қазақстан банктері үшін даму перспективалары.
Тіркелу үшін сілтемесі арқылы өтіңіз.
Барлық мәселе бойынша мына электрондық пошта бойынша жүгінуді сұраймыз: Oleg.Karmanov@kz.ey.com, nikita.rybin@kz.ey.com