Жасыл және орнықты облигациялар әзірлеу және шығару: саясат, тәжірибе, растау

2024 жылғы 19 желтоқсанда 08 сағат 30 минуттан 17 сағатқа дейін KPMG CCA Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен онлайн және офлайн форматтарында тегін семинар өткізеді.
Семинардың тақырыбы - «Жасыл және орнықты облигациялар әзірлеу және шығару: саясат, тәжірибе, растау».
Семинардың құрылымы:
- Жасыл және орнықты облигацияларға кіріспе: Орталық Азия елдеріндегі саясатты шолу және әзірлеу;
- Эмитентті дайындау және жасыл облигацияларды шығару рәсімі: сыртқы растау, листинг және есеп беру;
- Орнықты және жасыл қаржыландыру таксономиялары;
- Жаһандық үрдістер мен табысты кейстерді талдау: Қазақстанның банктері үшін даму перспективалары.
Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.
Барлық сұрақтар бойынша seminar@kpmg.kz электрондық пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.