Қазақстанда жаңа сақтандыру компаниясы пайда болды

Қазақстанда жаңа сақтандыру компаниясы пайда болды

Агенттік Төрағасының Орынбасарының 2024 жылғы 08 қарашадағы №Б-357 Бұйрығына сәйкес "BCC Life Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны сәтті алды.

Өмірді сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия белгіленген тәртіппен ресімделді, бұл компанияға осы салада жұмысты бастауға және тұтынушыларға сақтандыру қызметтерінің кең спектрін ұсынуға мүмкіндік береді. Компанияның лицензиясында бар ерікті және міндетті сақтандыру сыныптары туралы толық ақпаратты Агенттіктің ресми интернет-ресурсында "сақтандыру секторы" бөлімінде келесі сілтеме бойынша табуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/permissions-notifications/section/1/subsection/8/registry/22?lang=ru

"BCC Life Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы болып табылады.

Сақтандыру өнімдері мен қызметтері, сондай-ақ компанияның қызметі туралы толығырақ ақпарат алу үшін Сіз "ӨСК BCC Life" АҚ ресми интернет-ресурсына мына мекенжай бойынша кіре аласыз: bcclife.kz

Қызмет бағыты