Ұйымдарда ESG-күн тәртібін басқару және әлемдегі ESG-реттеу

2024 жылғы 30 қазанда сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін PwC Kazakhstan Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «Ұйымдарда ESG-күн тәртібін басқару және әлемдегі ESG-реттеу» тақырыбында тегін тренинг өткізеді.
Тренинг барысында мынадай мәселелер қаралады:
- Орнықты даму мәселелерін қадағалау;
- ESG- күн тәртібін басқарудағы Директорлар кеңесі мен менеджмент деңгейіндегі қажетті рөлдер мен міндеттер;
- ESG- деректерді басқарудағы ішкі бақылаулар жүйесі;
- SEC, ISSB, ESRS тұрақты дамуы туралы ақпаратты жария етудің міндетті және ерікті стандарттары;
- Жеткізудің тұрақты тізбектері және өнім берушілерге қойылатын талаптар, environmental and social due diligence;
- Транс-көміртегі реттеу (CBAM);
- ҚР экология, су, орман, жер кодекстері;
- Көміртегі және энергия көзінің сертификаттары саудасының нарықтары.
Вебинарға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда қатысушының (қатысушылардың) кандидатурасын 2024 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей aigerim.y.yegemberdiyeva@pwc.com поштаға ұсынуды сұраймыз. Залдың сыйымдылығы 50 адам болуына байланысты қатысушылар саны шектеулі.