Қаржы ұйымдарына арналған ESG-тәуекелдерді идентификаттау және басқару тәсілдері

2024 жылғы 27 қыркүйекте сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін PwC Kazakhstan Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «Қаржы ұйымдарына арналған ESG-тәуекелдерді идентификаттау және басқару тәсілдері» тақырыбында тегін вебинар өткізеді.
Вебинар барысында мынадай мәселелер қаралады:
- ESG есептілікке байланысты негізгі қадамдар;
- кредиттік, нарықтық, операциялық тәуекелдерге, өтімділік тәуекелдеріне және қаржыландыруға әсер етуі мүмкін климаттық және экологиялық факторлар;
- климаттық және экологиялық тәуекел факторларының портфельге әсерін идентификаттау және бағалау;
- тәуекелдерді басқарудағы стратегия (қарыз алушыны бағалау процесінде орнықты кредиттер мен ТНК-ге көшуді жоспарлау).
Вебинарға қатысуға мүдделі болған жағдайда, 2024 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей қатысушының (қатысушылардың) кандидатурасын: aigerim.y.yegemberdiyeva@pwc.com поштасына жіберуді сұраймыз.
Вебинарға қосылу сілтемесі: https://meet.google.com/ddw-ehnb-ers
Вебинар Google Meet платформасында өтеді, компьютер немесе ноутбук арқылы қосылуды ұсынамыз.
Қызмет бағыты