27 маусымда «Климаттық тәуекелдер, стресс-тестілеу» онлайн-вебинары өтеді

2024 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-13:00 аралығында KPMG Caucasus and Central Asia Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «Климаттық тәуекелдер, стресс-тестілеу» деген тақырыпта тегін вебинар өткізеді.
Вебинар барысында мынадай мәселелер қарастырылады:
- Қаржы секторындағы климаттық күн тәртібінің өзектілігі;
- Климаттық тәуекелдердің жіктелуі;
- Қаржы секторындағы климаттық тәуекелдерді басқару ерекшеліктері;
- Климаттық тәуекелдерді идентификаттау, кредиттік портфельді талдау;
- Климаттық тәуекелдер туралы ақпаратты ашудың негізгі қағидаттары.
Онлайн вебинарға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз.