Агенттік Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Агенттік Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алуға арналған өтініштің, рұқсаттың нысандарын және мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 14-бабында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар белгіленген. Осыған байланысты тиісті түзетулерді қамтитын Қаулы әзірленді.

Қаулы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңында белгіленген талаптарды көздейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нақтылаушы түзетулерді, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану сипаттамасын; мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі бар қосымшаны қамтиды, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы; көрсетілетін қызметті берушінің атауы; жұмыс кестесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Анағұрлым толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады +7 (727) 237-13-78

e-mail: press@finreg.kz

https://www.gov.kz

 

Қызмет бағыты