А.М. Искандировке «Amanat» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы қаулысымен «Amanat» сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді (2023 жылғы 30 қазандағы № 80 қаулы).
«Amanat» сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуы сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда оның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде өзінің меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау міндетін көздейді.
Қаржы ұйымы және оның филиалдары туралы жалпы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Сақтандыру секторы» бөлімінде, «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және олардың филиалдары» кіші бөлімінде танысуға болады.
Ұйымның сақтандыру қызметі оның www.amanat24.kz/ ресми интернет ресурсында ұсынылған.