Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы №65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының резиденті емес-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын ерікті және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты ұсыну нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қаулы) 2023 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №78 қаулысы қабылданды.
Қаулы нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша әзірленді.
Өзгерістер ерікті түрде таратуға рұқсат берілгеннен кейін тарату комиссиясына есеп беру талаптарын жоюға қатысты, өйткені «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа талаптарына сәйкес ерікті таратуға рұқсат сақтандыру ұйымының лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелері болмаған жағдайда ғана беріледі.