Қазақстан банк секторының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының  2023 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банктер.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы тамызда негізінен несие портфелінің 1,7%-ға өсуі нәтижесінде 0,3%-ға немесе 148 млрд теңгеге ұлғайып, 46,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,8%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге өсу).

Өтімділігі жоғары активтер 14,1 трлн теңгені немесе активтердің 30,3%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2023 жылғы тамызда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 2,3%-ға 25,4 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 11,5%-ға өсу). Ұлттық валютадағы кредиттер 2,0%-ға 23,7 трлн теңгеге дейін, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты 3,1%-ға әлсіреуі аясында валюталық қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасындағы кредиттер 6,4%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылғы тамызда 1,5%-ға 8,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 1,0%-ға өсті) Бұл ретте дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы тамызда  1,9%-ға 10,1 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 4,8%-ға өсу). ШОБ субъектілеріне қарыздар 2,0%-ға 6,6 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 9,0%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 1,7%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 2,2%-ға төмендеу).

2023 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне 1 433 млрд теңге сомаға жаңа қарыздар берілген. Ағымдағы жылғы 8 айда бизнес субъектілеріне 9 341 млрд теңге қарыз берілген, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,0%-ға артық.

Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 3,1%-ға 9,2 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы тамызда 2,7%-ға ұлғайып, 16,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 17,9%-ға өсу).

Кредиттік портфельдің  сапасы тұрақты болып қалуда. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторында мерзімі өткен берешегі 90 күннен  асқан қарыздар (NPL 90+) деңгейі несие портфелінің 3,4%-ын немесе 921 млрд теңгені  құрады (2023 жылғы 1 қаңтард бойынша – 3,4% немесе 815 млрд теңге).

ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 3,1%-ды немесе 351 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 3,7%-ды немесе 570 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 74,4%-ды құрайды (01.01.2023ж. – 76,9%).

Ағымдағы жылғы тамызда банктердің меншікті капиталы 3,2%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 17,2%-ға өсті). 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,0%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,6%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2023 жылғы тамызда банк секторының міндеттемелері 0,1%-ға 40,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 3,2%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсті).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы тамызда заңды тұлғалар депозиттерінің 1,7%-ға 14,4 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,9%-ға 30,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 0,1%-ға 16,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы тамызда 1,6%-ға 23,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 1,3%-ға 7,8 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 қыркүйекте 25,1%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%). Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2023 жылғы тамызда 14,6%-ды (2023 жылғы шілдеде – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,9%-ды (2023 жылғы шілдеде – 13,9%) құрады.

  

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты