Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының  2023 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2023 жылғы тамыз айында 1,6 трлн теңгеге немесе 4,3%-ға ұлғайып, 38,5 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 8,3%-ға өсу).

Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен индекстік компаниялар акциялары бағасының өсуі есебінен 5,7%-ға немесе 1,4 трлн теңгеге 25,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 19,6%-ға өсу).

KASE индексі 2023 жылғы тамызда 3 866,1 тармаққа дейін 4,3%-ға өсті (2023 жылдың басынан бастап – 18,9%-ға өсу). 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 99 акциясы болды. Ағымдағы жылғы тамызда акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» АҚ және Freedom Holding Corp акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 94,1%-ға немесе 15,5 млрд теңгеге ұлғайып, 31,9 млрд теңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы  тамызда 1,6%-ға немесе 203,7 млрд теңгеге 13,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 8,3%-ға төмендеу).

Ағымдағы жылғы тамыз айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 88,3 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 2,3 есе немесе 50,5 млрд теңгеге артық.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 92 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 371 шығарылымы болды.

2023 жылғы тамызда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 54,5%-ға немесе 50,0 млрд теңгеге 141,7 млрд теңгеге дейін  ұлғайды.

«KASE Global» секторында 45 түрлі акция және 14 шетелдік эмитенттің ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2023 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 27,4%-ға немесе 2,9 млрд теңгеге  азайып, 7,6 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы тамызда 0,5%-ға немесе 134,2 млрд теңгеге 25,3 трлн теңгеге дейін азайды.

2023 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі
бір айда 54,2%-ға немесе 534,1 млрд теңгеге азайып, 451,1 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 62,0%-ға немесе 397,9 млрд теңгеге 243,6 млрд теңгеге дейін азайды.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 48 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 23 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен  ҚР эмитенттерінің (6,7 млрд теңгеге немесе 3,5%-ға) және шетелдік эмитенттердің (0,8 млрд теңгеге немесе 2,1%-ға) мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелінің өсуі есебінен ағымдағы жылғы тамызда 8,3 млрд теңгеге немесе 2,9%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 289,8 млрд  теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 253,7 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 87,5%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы тамызда инвесторлар санының өсуі жалғасты.  Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 686 869 қосалқы шотқа дейін 57-ге немесе 0,01%-ға өсті (2023 жылдың басынан бері 24,8%-ға немесе 137 мың қосалқы шотқа өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен нарық қатысушыларының бірінің контрагенттер алдындағы міндеттемелерін өтеу нәтижесінде ағымдағы жылғы тамызда 5,0%-ға азайып (2023 жылдың басынан бастап 26,5%-ға өсу), 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 732,6 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы тамызда міндеттемелер 10,3%-ға 284,5 млрд теңгеге дейін төмендеді (2023 жылдың басынан бері 64,1%-ға өсу). Меншікті капитал 1,4 %-ға 448,1 млрд теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бастап 10,5%-ға өсу).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz